Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения РГП на ПХВ «ИЯФ»
Кабинет сотрудника
Новости

Жоғары энергетикалық физика, үдеткіштер техникасы және ядролық медицина бойынша Халықаралық мектеп жұмысы аяқталды

14 октября 2023

Жоғары энергетикалық физика, үдеткіштер техникасы және ядролық медицина бойынша Халықаралық мектеп жұмысы аяқталды

Осы аптада Алматыда қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері әлемнің жетекші ғалымдарының дәрістерін тыңдады. 9-13 қазан аралығында Ядролық физика институты (ЯФИ) ұйымдастыруымен Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің (ҚБТУ) қабырғасында жоғары энергетикалық физика және жеделдету техникасы бойынша Халықаралық мектеп өтті. Оның жұмысына АҚШ, Швейцария, Әзірбайжан, Италия, Өзбекстаннан я

Осы аптада Алматыда қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері әлемнің жетекші ғалымдарының дәрістерін тыңдады. 9-13 қазан аралығында Ядролық физика институты (ЯФИ) ұйымдастыруымен Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің (ҚБТУ) қабырғасында жоғары энергетикалық физика және жеделдету техникасы бойынша Халықаралық мектеп өтті. Оның жұмысына АҚШ, Швейцария, Әзірбайжан, Италия, Өзбекстаннан ядролық физика саласындағы 22 ғалым мен сарапшы қатысты. Бұл іс-шара Қазақстан мен Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы (CERN) арасындағы 2018 жылы қол қойылған Халықаралық келісімнің арқасында ұйымдастырылды. Биыл Халықаралық мектеп алтыншы рет өткізілді, оған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ның, ҚБТУ , Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Ядролық физика институты және т.б 80 жас ғалымдары мен студенттері қатысты. Халықаралық мектептің жұмысын құттықтау сөзімен институттың бас директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлы ашып, аталған мектептің 2010 жылдан бері жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.

Похожие материалы

Безопасность

Ядерная и радиационная безопасность установок — постоянная работа профильного департамента института.

Качество

Продукция и услуги выполняются по утверждённым методикам аттестованным персоналом.

Экология

Центр комплексных экологических исследований ведёт мониторинг окружающей среды.